Мэрилин Монроға тиесілі Mercedes аукционға қойылды

Ұлыбританияда 1950 жылы шығарылған Mercedes-Benz 170 S автокөлігі аукционға қойылды. Iconic Auctioneers аукцион үйінің мәліметіне сәйкес, бұл автокөлікті актриса Мэрилин Монро пайдаланған.
Автокөліктің максимал жылдамдығы 122 км/сағ-қа дейін жетеді және ол соғыстан кейін сақталып қалған санаулы Mercedes көліктерінің бірі болып табылады.
Бастапқы бағасы 120 000–160 000 фунт стерлинг (шамамен 161 000–215 000 АҚШ доллары) аралығында бағалануда. Бұл баға Mercedes 170 S моделі үшін нарықтағы орташа құннан әлдеқайда жоғары, бірақ көліктің Монроға тиесілі болуы оның құнын айтарлықтай арттырған.

Мәліметтерге сәйкес, көлік Грекиядан табылған және ұзақ уақыт оның актрисаға тиесілі екені расталмаған. Кейіннен Монро пайдаланғанын дәлелдейтін айғақтар — оның аты-жөні бас әріптері жазылған сөмке және сақтандыру құжаты табылған.
Сондай-ақ 1956 жылы Мэрилин Монро дәл осы модельдегі көлікпен Грекияны аралағаны айтылады. Кейіннен седан қалпына келтірілген. Қазіргі таңда көлік түпнұсқа қозғалтқышымен жақсы жағдайда сақталған, жүрісі шамамен 70 мың километрді құрайды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!