date

Каннаваро - Өзбекстанда: әлемдік баспасөз реакциясы, үміт пен күдік...

Каннаваро - Өзбекстанда: әлемдік баспасөз реакциясы, үміт пен күдік...

Италия құрамасымен 2006 жылы әлем чемпионы болған Фабио Каннаваро араға жиырма жыл салып бапкер ретінде әлем чемпионатына қатысады. Оның Өзбекстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалуы шетелдік БАҚ пен мамандар арасында кең талқыға түсті - біреуде үлкен үміт, біреуде күдік.
Күлкі, құттықтау және сенім - Италиядан
Ұлттық құраманың қазіргі бапкері Дженнаро Гаттузо әдеттегі әзілімен:
"Каннавароға қоңырау шалып, "сен хош иіс сеуіп, шашыңды күзеп, мундиальға бара жатырсың, ал мен жолдама үшін айқастамын" дедім," - деп жағдайды күліп еске алды.
ФИФА президенті Джанни Инфантино алғашқылардың бірі болып құттықтау жолдап, Каннаваро 20 жыл бұрын Италия капитаны ретінде Кубокты көтергенін, ал енді Өзбекстанның бас бапкері ретінде әлем чемпионатына бара жатқанын ерекше атап өтті.
Танымал маман Фабио Капелло бұл тағайындауды "өте дұрыс шешім" деп бағалады: "Ол үлкен тәжірибеге ие және міндетті түрде Өзбекстанға көмектеседі."
БАҚ-тағы әртүрлі көңіл-күй: "жаңа бет" немесе "үлкен қате"?
Испанияның AS басылымынан Алехандро Сато: "Каннаваро жаттықтырушылық қызметтегі алғашқы маңызды шақыртуға тап болды. Даму сатысындағы топтамадан бәсекеге қабілетті жоба жасау - қызықты, бірақ өте күрделі міндет."
FoxSports (АҚШ): "Өзбек футболының тарихында жаңа бет ашылды."
Испан шолушысы Хосе Давид Лопес: "Бұл - үлкен қателік," - деп жазды.
Карикатура, "Сити" жанкүйерлері және Хусанов факторы
Карикатура шебері Омар Момани тағайындау алдында күлкімен: "Ең қуаныштысы - Абдукадыр Хусанов болады," - деп жазған - екеуінің де орталық қорғау мектебінің өкілдері екеніне меңзеу.
Әлеуметтік желілерде "Манчестер Сити" жанкүйерлері Каннавароның қолында Хусановтың көбірек білім мен тәжірибе алатынына сеніп, өз үміттерін ашты.
Келісімшарт, штаб және Каннавароның іс қағазы
2+3 формуласындағы келісім: екі жылдық келісімшарт, содан кейін тағы үш жылға ұзарту мүмкіндігі. Каннавароға отандастары - Ауженио Альбараелла, Троизе Франсеско және Антонио Климентим көмектеседі.
Футболшы ретінде "Наполи," "Интер," "Ювентус," 2006-2009 жылдары "Реал Мадридте" ойнады. 2006 жылғы ӘЧ жеңімпазы, сол жылғы "Алтын доп" иегері - бұл марапатқа қол жеткізген жалғыз қорғаушы.
Ал бапкерлікте жолы қарбалас: "Гуанчжоу Эвергранд," "Ан-Наср," "Тяньцзинь," тағы да "Гуанчжоу," қысқа уақыт Қытай құрамасы, содан кейін "Беневенто" мен "Удинезе." Соңғы жұмыс орны - "Динамо" Загреб (декабрь 2024 - апрель 2025), қанағаттанарлықсыз нәтижелерге байланысты біржола кетті.
Нені күтеміз?
Шетелдік баспасөз екі түрлі көңіл-күйде: бірі "жаңа бет" деп қуанса, екіншісі алаңдаушылықпен қарайды. Бірақ факт өзгермейді: Өзбекстан тарихында алғаш рет мундиальға барады, ал Каннаваро команданы әлемдік сахнаға дайындайды. Тұрақты құрам, дұрыс таңдау және психологиялық тұрақтылық - итальяндық бапкердің басты сынағы болады. Жетістікке жетудің критерийі қарапайым: мундиальда лайықты ойын мен нәтиже.
Жанкүйерлер айтқандай: енді сөз алаңда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Каннаваро - Өзбекстанда: әлемдік баспасөз реакциясы, үміт пен күдік...