date

Умар Нурмагомедов: "UFC 321-де жаңа Умарды көресіз"

Умар Нурмагомедов: "UFC 321-де жаңа Умарды көресіз"

Ресейлік ММА файтері Умар Нурмагомедов 25 октябрь күні Абу-Дабиде өтетін "UFC 321" турнирі алдында жанкүйерлерге үндеу жасады.

Нурмагомедов бұл жекпе-жек ММА жанкүйерлері үшін нағыз шоу болатынын айтты. Оның пікірінше, екі тәжірибелі жауынгер алаңда кімнің техникасы мен ерік-жігері күштірек екенін көрсетеді.

"Бұл қақтығысты міндетті түрде көру керек. Жоғары деңгейдегі екі жауынгер кімнің нағыз күш иесі екенін дәлелдейді. Бұл жолы октагонда жаңа Омарды көресіздер," - деді ресейлік спортшы.

Сарапшылар бұл жекпе-жекті UFC-дің жылдың ең күтілетін жекпе-жектерінің бірі ретінде бағалап отыр. Өйткені екі жауынгер де шабуылдау стилімен және жоғары жылдамдығымен танымал.

Ақпарат үшін, Умар Нурмагомедов кәсіпқой ММА мансабында 19 жекпе-жек өткізген. Соның 18-інде жеңіске жетіп, бір-ақ рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Ал оның қарсыласы - америкалық Марио Баутиста 18 жекпе-жекте 16 жеңіс пен 2 жеңілісті тіркеді.

Жекпе-жек Абу-Дабиде өтеді және турнир "UFC 321"-дің орталық оқиғаларының бірі болады деп күтілуде. Көптеген жанкүйерлер Нурмагомедовтың одан да күшті және тәжірибелі файтер ретінде көрінуін асыға күтуде.

Осылайша, Омар Нурмагомедов тағы бір маңызды сынақ табалдырығында тұр - ол тек жеңіс үшін ғана емес, сонымен қатар UFC-дегі беделін одан әрі нығайту үшін шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Умар Нурмагомедов: "UFC 321-де жаңа Умарды көресіз"