date

Эрлинг Холанд 12 ойында қатарынан гол соғып, Роналду рекордын қайталады

Эрлинг Холанд 12 ойында қатарынан гол соғып, Роналду рекордын қайталады

Манчестер Сити шабуылшысы Эрлинг Холанд гол соғу сериясын жалғастыруда.

Euro-football.ru жазуына қарағанда, норвегиялық футболшы үшінші тур аясында өткен кездесудің 17-минутында қарсылас қақпасына гол соқты. 25 жастағы Холанд барлық турнирлерде қатарынан 12-ойында гол соғуға қол жеткізді.

Бұл нәтиже Криштиану Роналдудың мансабындағы рекордтық көрсеткішті қайталады. Лионель Месси өз кезінде 21 ойында қатарынан гол соғып, бұл жағынан әлі де көш бастап тұр.

Қатарынан 12 ойында Холанд жалпы 22 гол және 3 нәтижелі пас авторы атанған. Осылайша, ол Еуропа футболындағы ең үздік нәтижелердің бірін көрсетуде.

Эрлинг Холанд соңғы жылдары Манчестер Сити құрамында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Мамандар оның гол соғу сериясын жалғастыруы мүмкін екенін болжап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Эрлинг Холанд 12 ойында қатарынан гол соғып, Роналду рекордын қайталады