Үміткерлер турнирінің жеңімпазы Жавохир Синдaровтың пікірлері...

Өзбек гроссмейстері Жавохир Синдaров Үміткерлер турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағы үшін күресу құқығын иеленді.
Кипрде өткен турнирден кейін ол алдағы шешуші матч туралы пікір білдіріп, кездесудің оңай болмайтынын атап өтті.
«Мен бұл туралы көп ойланғым келмейді. Жыл соңында мені өте қиын партия күтіп тұрғанын білемін», — деді Синдaров.
Ақпарат үшін: ол әлем чемпионы — үндістандық Доммараджу Гукешке қарсы ойнайды. Гроссмейстер қарсыласының тәжірибесін мойындай отырып, өз мүмкіндіктеріне де сенім білдірді.
«Оның мұндай деңгейдегі ойындарда үлкен тәжірибесі бар. Бірақ менің де мықты командам бар, дайындық үшін барлық мүмкіндіктер бар. Сондықтан мен көбірек жұмыс істеп, мүмкіндіктерімді барынша пайдалануға тырысамын», — деді ол.
Синдaров Үміткерлер турнирінің өзі де өте қиын өткенін ерекше атап өтті.
«Бұл өте ұзақ әрі ауыр турнир болды. Әр тур өте қиын өтті. Соңғы күндері тіпті жақсы ұйықтай алмадым. Бірақ қазір мен өте қуаныштымын. Отбасымa, бапкерлеріме және мені қолдаған баршаға алғыс айтамын», — деді шахматшы.
Гроссмейстер соңғы партияның психологиялық қысымсыз өтетінін айтты. Сонымен қатар ол тек өз ойынына ғана емес, әйелдер арасындағы Үміткерлер турниріне де назар аударғысы келетінін жеткізді:
«Ертеңгі партия қысымсыз өтеді. Сонымен қатар Бибисораны да қолдауға тырысамын. Оның да мүмкіндіктері жақсы», — деді Синдaров.