date

Кэй Руни ауыр жарақаттан кейін жаттығуға оралды

Кай Руни ауыр жарақаттан кейін жаттығуға оралды

"Манчестер Юнайтед" академиясының тәрбиеленушісі Кай Руни ауыр жарақаттан кейін қалпына келу үдерісінің жаңа кезеңіне өтті. Клуб аңызы Уэйн Рунидің ұлы наурыз айынан бері алаңға шықпаған еді, алайда енді Каррингтон базасында жаттығуын жалғастырып жатыр.

Бұл туралы Goal.com хабар береді.

Жас футболшы әлеуметтік желілерде жаттығу алаңынан сурет жариялап, жанкүйерлерімен жақсы жаңалығын бөлісті. 16 жастағы шабуылшы өзінің Instagram парақшасында «Тағы да жүгіруді бастадым» деп қысқаша пікір қалдырып, оптимистік көңіл күйде екенін көрсетті.


Кай Руни биылғы маусымда Дэррен Флетчердің қол астында тамаша ойын көрсетіп жүрген еді, алайда сан тұсындағы ауыр жарақат оның дамуын тоқтатып тастады. Футболшы бір ай бұрын маусымның өзі үшін мерзімінен бұрын аяқталғанын мәлімдеп, келесі маусымға күштірек болып оралуға уәде берген еді.

Жарақатқа дейін жас талант "Олд Траффорд" стадионында дебют жасауға үлгерген еді. Ол бар-жоғы 119 минут ішінде екі гол және бір нәтижелі пас беріп, әкесінен дарыған мергендік қабілетін көрсетті.

Бұл Кай үшін алғашқы ауыр сынақ емес. Ол 2025 жылғы қыркүйекте 19 жасқа дейінгі құрамаға шақырылғаннан кейін аяғынан жарақат алған еді.

Соған қарамастан, клуб бапкерлері мен мамандары Рунидің психологиялық төзімділігін және гол соғу шеберлігін жоғары бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Кэй Руни ауыр жарақаттан кейін жаттығуға оралды