date

Мафио Винисиусты боксқа шақырып, оны 10 секундта жеңетінін мәлімдеді

Маффео Винисиусты боксқа шақырып, оны 10 секундта жеңетінін мәлімдеді

«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниор Испания чемпионатының 30-туры аясында «Мальоркаға» қарсы өткен матчта тағы да назар аударында болды. Бразилиялық жұлдыз ойынның 59-минутында қосалқы құрамнан алаңға шыққаннан кейін, айдын иелерінің жанкүйерлері тарапынан қатаң қысымға ұшырады.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Кездесу барысында Винисиус пен «Мальорка» қорғаушысы Пабло Маффео арасындағы ескі араздық қайта жанданды. Футболшылар өзара ауызша және физикалық қақтығыстарға түсті.

Маффео қарсыласын арандату мақсатында оған «жағажай футболы» туралы ишара жасап, бразилиялықтың шеберлігін кемсітуге тырысты.

Испания стадиондарында жанкүйерлер Винисиусқа қатысты «жағажай добы» тіркесін қолданып, оның «Алтын допты» «Ман Сити» жартылай қорғаушысы Родриге есе жібергенін еске салып жүр. Мұндай айқайлар футболшыға психологиялық қысым көрсетудің бір әдісіне айналған.

Маффео мен Винисиус арасындағы жанжал 2022-23 жылғы маусымнан бері жалғасып келеді. Бұған дейін Маффео бразилиялық футболшыны көп шағымданатыны үшін «жылауық» деп атаған болатын.

Қорғаушы тіпті Винисиуспен ықтимал бокс матчы өтсе, оны 10 секунд ішінде жеңетінін атап өткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мафио Винисиусты боксқа шақырып, оны 10 секундта жеңетінін мәлімдеді