date

Кейн «ПСЖ» қақпасына гол соғып, екі рекорд орнатты

Кейн «ПСЖ» қақпасына гол соғып, екі рекорд орнатты

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында «ПСЖ»-ға қарсы өткен кездесуде екі тарихи нәтиже тіркеді. Англиялық футболшы ойынның 17-минутында пенальтиді дәл орындап, есеп ашты.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Бұл гол Кейн үшін ағымдағы маусымдағы 60-шы нәтижелі әрекет болды. Шабуылшы өз мансабында алғаш рет бір маусым ішінде 54 гол соғып, 6 нәтижелі пас беріп, жеке рекордын жаңартты.

Сондай-ақ, Кейн Чемпиондар лигасының қатарынан 6 ойынында гол соққан алғашқы ағылшын футболшысы атанды. Ол бұл көрсеткіш бойынша «Ливерпуль» аңызы Стивен Джеррардтың 5 ойындық нәтижесінен асып түсті.

Қазіргі уақытта Кейн Роберт Левандовскийдің Бундеслигадағы рекордын жаңартуға да жақын тұр. Польшалық шабуылшы «Бавария» сапында бір маусымда 41 гол соққан болатын.

Кейннің еншісінде әзірге 28 ойында 33 гол бар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Кейн «ПСЖ» қақпасына гол соғып, екі рекорд орнатты