
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың январь-сентябрь айларында Өзбекстанда 664,6 мың тірі туу тіркелген. Оның 343,6 мыңы ұлдар (51,7%), 321 мыңы қыздар (48,3%) болды.
Туудың 319,3 мыңы қалада (48 пайыз), 345,3 мыңы ауылда (52 пайыз) тіркелді. Демек, елде әр мың тұрғынға орта есеппен 23,5 баладан келеді.
Статистикаға сүйенсек, 2025 жылы туу саны өткен жылмен салыстырғанда аздап азайған. Атап айтқанда, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,3 мыңға аз бала дүниеге келген. 2023 жылға қарағанда бұл айырмашылық 52,3 мыңды құрайды.
Ал халық саны 2025 жылдың 1 октябріндегі жағдай бойынша 38 миллион 69 мыңнан асты. Мамандар туу санының табиғи өзгерісі елдегі урбанизация үдерістері, отбасын жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланысты екенін атап өтуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!