
14-17 ноябрь күндері Ташкент қаласында бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өткізу жоспарлануына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Мәлім етілгендей, жүк көліктерінің қалаға кіруі және қала ішіндегі қозғалысы тоқтатылады. Қозғалыс толық емес, кейбір көшелерде белгілі бір сағаттарда ішінара шектеледі, ал жүргізушілер үшін айналма жолдар ұйымдастырылады.
15 ноябрь күні сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін Абдулла Қадыри - Ганга көпірі қиылысынан Зарқайнар көшесіне дейінгі жол жабылады. Айналма жол ретінде Себзор және Нурафшон көшелері ұсынылады.
Сондай-ақ, 15 ноябрь күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Қарасарай көшесі бойынша қозғалыс шектеледі. Жүргізушілер Нұрафшан және Кіші айналма жол арқылы жүре алады.
16 ноябрь күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Ислам Каримов - Фурқат көшелері арасындағы жол жартылай жабылады. Айналмалы қозғалыс Батыр Закиров, Әлішер Науаи және Бешағаш бағыттары арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, 16 ноябрь күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Фурқат көшесінен Хадра алаңына дейінгі екінші дәрежелі жол жабылады.
Елордада өтетін халықаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жүргізушілерден қозғалыс шектеулерін сақтау сұралды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.