date

Хвича Кварацхелия 2025 жылы Грузияның ең үздік футболшысы атанды

Хвича Кварацхелия 2025 жылы Грузияның ең үздік футболшысы атанды

«ПСЖ» жартылай қорғаушысы Хвича Кварацхелия 2025 жылдың қорытындысы бойынша Грузияда жылдың ең үздік футболшысы деп танылды. 24 жастағы талант жоғары деңгейдегі ойындар сериясынан кейін бұл жүлдені бесінші рет иеленіп, өз есімі төңірегіндегі талқылауды одан әрі күшейтті.

Айта кетейік, Кварацхелия бұл марапатқа бұған дейін де бірнеше рет лайық болған. Ол 2020 және 2021 жылдары Қазанның «Рубин» клубында ойнаған кезеңінде, ал 2022 және 2023 жылдары Италияның «Наполи» командасындағы жарқын өнері арқылы Грузияның ең үздік ойыншысы атанған еді. 2025 жылы Парижде көрсетіп жүрген тұрақты әрі нәтижелі ойыны оны тағы да ең жоғары сатыға шығарды.

Осылайша, Хвича бұл жүлделер саны бойынша грузин футболының аңызы — Каха Каладзенің рекордын қайталады. Каладзе өз уақытында 2001, 2002, 2003, 2006 және 2011 жылдары бес рет елдің ең үздік футболшысы болып танылған. Енді Кварацхелия да осы беделді нәтижеге жетіп, грузин футболы тарихында ерекше орын алды.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Грузияның ең үздік футболшысы атағы қазір «Ливерпуль» намысын қорғап жүрген қақпашы Георги Мамардашвилиге бұйырған еді.

Мамандардың пікірінше, Кварацхелияның қазіргі бабı мен өсім қарқыны оны тек ұлттық деңгейде ғана емес, Еуропа футболында да ұзақ жылдар бойы ең жарқын жұлдыздардың бірі ретінде сақтап қалуы мүмкін. Қысқасы, Хвича тоқтауға ниетті емес — алда әлі талай рекорд бар екенін жақсы біледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хвича Кварацхелия 2025 жылы Грузияның ең үздік футболшысы атанды