date

Халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі бекітілді

Халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі бекітілді

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі бекітілді. Аталған құжат 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді деп белгіленген.

Мәлім етілгендей, тізім Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорымен келісілген. Онда әртүрлі ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектің 69 түрі қамтылған.

Атап айтқанда, онкологиялық, психикалық, жүрек-қан тамырлары және эндокриндік ауруларға арналған дәрілер енгізілген. Тізімге Аспирин, Бисопролол, Омепразол, Трамадол, Амброксол, Калий йодиді және Гепарин секілді препараттар кірді.

Деректерге сәйкес, бұл бағдарлама «реимбурсация» қағидаты негізінде жүзеге асырылады. Яғни, дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектердің шығыны өтеліп беріледі.

Бұл ретте науқастар отбасылық дәрігер жазып берген электронды рецепт арқылы келісімшарт негізіндегі дәріханалардан дәрілерді тегін алу мүмкіндігіне ие болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі бекітілді