date

Қытай 2027 жылға қарай «жасанды күнді» ұшыруды жоспарлап отыр

Қытай 2027 жылға қарай «жасанды күнді» ұшыруды жоспарлап отыр

Қытай 2027 жылға дейін ядролық синтез негізінде жұмыс істейтін «жасанды күн» жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Burning Plasma Experimental Superconducting Tokamak (BEST) деп аталатын бұл ауқымды жоба елдің ядролық энергия саласындағы көпжылдық зерттеулерінің жалғасы болып табылады. Жобаның басты мақсаты — Күннің ішкі қабаттарында жүретін табиғи энергия түзілу процесін Жер жағдайында қайталау және шексіз, таза энергия көзін жасау.

Мәліметтерге қарағанда, 2025 жылы Қытай ғалымдары Хэфэй қаласындағы Experimental Advanced Superconducting Tokamak (EAST) қондырғысында плазманы жоғары температурада 1000 секундтан астам уақыт тұрақты ұстап тұруға қол жеткізген. Бұл ғылыми жетістік ядролық синтез бағытындағы маңызды қадам ретінде бағаланған.

Дегенмен, сарапшылар бұл технологияның әлі толыққанды энергия көзіне айнала қоймағанын атап өтуде. Қазіргі уақытта реактор жұмсағанынан артық энергия өндіру деңгейіне жеткен жоқ. Сондай-ақ, процестің тұрақтылығы, материалдардың төзімділігі және өнеркәсіптік бейімделуі сияқты мәселелер өзекті болып қалуда.

Егер Қытай 2027 жылға дейін «жасанды күн» жобасын сәтті жүзеге асыра алса, бұл жаһандық энергетика жүйесінде ең үлкен төңкерістердің бірі болмақ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қытай 2027 жылға қарай «жасанды күнді» ұшыруды жоспарлап отыр