Қытайлық әйел қабақ отасынан кейін 6 жылдан бері көзін ашып ұйықтайды

Қытайда тұратын Ван тегі бар әйел сәтсіз пластикалық операциядан кейін бірнеше жылдан бері ауыр асқынулармен өмір сүріп келеді. Оның айтуынша, қабағына жасалған ота ауыр салдарға әкеліп, мүгедектікке ұшыратқан.
South China Morning Post басылымының мәліметінше, асқынулар емдеуден кейін бірден басталған: қатты ауырсыну, қабақтың сыртқа қарай бұрылуы және көз айналасында сұйықтықтың жиналуы байқалған. Әйел жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында операция кезінде жас бездері зақымданып, хирургиялық араласу қатемен орындалғаны анықталған.
2022 жылы сараптама Ванның жағдайын 9-дәрежелі мүгедектік деп таныды. Кейінірек операцияны жасаған тұлғаның медициналық лицензиясы болмағаны, ал клиниканың заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды.
Әйел клиника мен дәрігерге қарсы шағым түсірді, бірақ кейіннен тараптар өзара келісімге келді. Келісім бойынша, Ван шамамен 125 мың доллар өтемақы алып, белгілі бір шарттарды орындау міндеттемесін алды. Кейіннен дау қайта ушығып, іс қайтадан сотқа дейін жетті және сот әйелге 59 мың долларды қайтаруды міндеттеді. Ол шешімге келіспей, апелляция берді, бірақ оның арызы қабылданбады.

















Пікірлер 0
…