Испания құрамасы фавориттер тізімінде бірінші орында

Opta суперкомпьютері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетудің бас фавориті ретінде Испания құрамасын атады.
1 маусымдағы болжамға сәйкес, испандықтардың турнирде жеңіске жету ықтималдығы 16,1%-ды құрайды.
Рейтингте екінші орынды Франция иеленді. Француздардың чемпион атану мүмкіндігі 13% деп бағаланды.
Үшінші сатыда Англия орналасқан, оның мүмкіндігі 11,2%-ға тең. Әлемнің қазіргі чемпионы Аргентина 10,4% көрсеткішімен төртінші орында.
Үздік бестікті Португалия түйіндеді. Оның чемпиондық ықтималдығы 7% деп көрсетілген.
Сондай-ақ, Бразилия 6,6%, Германия 5,1% және Нидерланды 3,6% ықтималдықпен келесі орындарды иеленді.
Opta суперкомпьютерінің болжамында Норвегия 3,5%, Бельгия 2,4% және Колумбия 2,1% көрсеткішімен алғашқы ондыққа енді.
Рейтингтің қалған бөлігінде Марокко, Уругвай, Швейцария және Хорватия құрамалары аталды. Олардың чемпиондық ықтималдығы 1,6–1,9% аралығында бағаланды.


















Пікірлер 0
…