Ресейдің Boeing пен Airbus-ты алмастыратын МС-21 ұшағы 2027 жылы шығады

Ресейде Boeing 737 және Airbus A320 әуе кемелеріне балама ретінде әзірленіп жатқан МС-21 ұшақтарының алғашқы жеткізілу мерзімі жарияланды. Ростех басшысы Сергей Чемезовтың сөзінше, 2027 жылы осы үлгідегі 4-5 ұшақ пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы Ixbt.com хабар лайды.
МС-21 бағдарламасы бойынша сертификаттау ұшулары 2027 жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы жоспарланған. Одан кейін лайнерді сериялық өндіру процесі басталады. Қазіргі уақытта алғашқы сериялық SJ-100 және МС-21 үлгілері дайындалып, олар тиісті сынақтардан өтуді күтуде.
МС-21-310 — "Яковлев" конструкторлық бюросы әзірлеген Ресейдің жаңа буын орта қашықтықтағы жолаушылар ұшағы. Лайнер 211 жолаушыға дейін тасымалдау мүмкіндігіне ие. Ұшақтың ерекшелігі — оның конструкциясында композиттік материалдардың үлесі жоғары (шамамен 40%) және заманауи ПД-14 қозғалтқыштарымен жабдықталғаны.
Қазіргі уақытта жобаны толық жергіліктендіру және импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ұшаққа Ресейде өндірілген 70-тен астам құрамдас бөліктер мен жүйелер орнатылған. 2026 жылға қарай шетелдік технологиялардан толық тәуелсіз нұсқаны жасау мақсат етілген.

















Пікірлер 0
…