iPhone 18 Pro түстері белгілі болды: қою шие түсі басты трендке айналады

Танымал инсайдер Сонни Диксон iPhone 18 Pro модельдерінің макеттері бейнеленген жаңа суреттерді жариялады. Суреттерде Apple компаниясының болашақ флагмандары төрт түсте көрсетілген: күміс, қара, көк және мүлдем жаңа қою шие (Dark Cherry) түсі. Инсайдер дәл осы терең қою шие түсі iPhone 18 Pro сериясының басты визуалды ерекшелігі болатынын атап өтті. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max таныстырылымы 2026 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Құрылғылар корпусы тұтас алюминий қорытпасынан жасалып, камера аймағы Ceramic Shield қорғаныш қабатымен жабылады деп күтілуде. Сондай-ақ, жаңа смартфондар сәл қалыңдауы мүмкін: iPhone 18 Pro Max қалыңдығы камера дөңесімен бірге 13,77 мм-ді құрайды, бұл өз кезегінде одан да массивті фото-модуль мен жетілдірілген оптикадан хабар береді.
Техникалық тұрғыдан iPhone 18 Pro сериясы TSMC компаниясының 2 нанометрлік технологиялық процесіне негізделген алғашқы A20 Pro чипімен жабдықталады деп күтілуде. Бұл смартфондардың өнімділігі мен энергия тиімділігін жаңа деңгейге шығарады.
Еске сала кетейік, Сонни Диксон бұған дейін де iPhone 12, iPhone 13, Apple Homepod, iPhone 15 және iPhone 17 сияқты құрылғылардың дизайнын ресми премьерадан әлдеқайда бұрын дәл болжаған сенімді дереккөз болып табылады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!