date

Scout AI әскери модельдер үшін 100 млн доллар инвестиция тартты

Scout AI әскери модельдер үшін 100 млн доллар инвестиция тартты

АҚШ-тың Калифорния штатындағы әскери базада жасанды интеллект көмегімен басқарылатын әскери техникалар сынақтан өткізілуде. «Scout AI» стартапы әзірлеген бұл жүйе сарбаздарға автономды көлік құралдары паркін қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.

Компания «Align Ventures» және «Draper Associates» қорлары бастаған инвестициялық раундта 100 млн доллар қаражат жинағанын жариялады. Бұл қаражат әскери іс-қимыл аймақтарында дербес қозғала алатын «Fury» деп аталатын жасанды интеллект моделін жетілдіруге бағытталады.


«Scout AI» негізін қалаушылардың бірі Коллин Отистің айтуынша, жаңа технология қарапайым жасанды интеллекттен айырмашылығы, күрделі әскери жағдайларда шешім қабылдауға бейімделген. Жүйе тек логистика үшін ғана емес, болашақта автономды қару-жарақтарды басқару үшін де қызмет етеді деп күтілуде.

Қазіргі уақытта компания DARPA және АҚШ армиясымен жалпы құны 11 млн доллар болатын келісімшарттарға қол қойған. «Scout AI» технологияларын 2027 жылы әскери операцияларға толық енгізу жоспарланған, олар бірінші кезекте қауіпті аймақтарға оқ-дәрі мен су жеткізу міндетін атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Scout AI әскери модельдер үшін 100 млн доллар инвестиция тартты