date

SoftBank деректер орталығын салатын Roze AI компаниясын құруда

SoftBank деректер орталығын салатын Roze AI компаниясын құруда

Жапонияның SoftBank корпорациясы жасанды интеллект пен робототехника көмегімен деректер орталықтарын салуға маманданған жаңа компания құруда. Roze AI деп аталатын бұл бизнес жобасы АҚШ-та сервер фермаларын тұрғызу процесін тиімдірек етуді мақсат етеді.

Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.

Компания құрылыс жұмыстарында автономды роботтарды пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл технология инфрақұрылымдық нысандарды құруда адам факторын азайтуға және процестерді жеделдетуге мүмкіндік береді.

SoftBank басшылығы жаңа құрылымды қазірдің өзінде қор биржасына шығуға дайындап жатыр.

Мәліметтерге сәйкес, Roze AI компаниясының акциялары 2026 жылдың екінші жартысында көпшілік саудаға шығарылуы мүмкін. Компанияның күтілетін нарықтық құны 100 млрд АҚШ долларын құрайды деп болжануда.

Алайда корпорация ішіндегі кейбір сарапшылар мұндай жоғары бағалау мен қысқа мерзімді жоспарларға күмәнмен қарап отыр.

Өнеркәсіп секторын жасанды интеллект көмегімен модернизациялау тенденциясын басқа да ірі кәсіпкерлер қолдап келеді. Мәселен, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос та өнеркәсіп кәсіпорындарын автоматтандырумен айналысатын Project Prometheus стартапының негізін қалаған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » SoftBank деректер орталығын салатын Roze AI компаниясын құруда