Samsung Galaxy Z Fold 8 туралы алғашқы мәліметтер: Күтілген жаңартулар болмайды

Samsung компаниясының жаңа буын бүктелмелі флагмандары пайдаланушылар күткен бірқатар маңызды өзгерістерсіз ұсынылуы мүмкін. Танымал инсайдер Ice Universe алдағы Samsung Galaxy Z Fold 8 смартфоны туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Бұл туралы хабарлайды Ixbt.com.
Оның айтуынша, жаңа құрылғы S Pen стилусын қолдау функциясына ие болмайды. Сондай-ақ, смартфонда экрандағы кескінді бөгде көздерден қорғайтын Privacy Screen технологиясы да енгізілмейтіні айтылуда. Бұл құпиялылыққа мән беретін пайдаланушылар үшін күтпеген жаңалық болды.
Сонымен қатар, дереккөз ішкі дисплейдегі бүктелу ізі (складка) алдыңғы буынға қарағанда іс жүзінде өзгермейтінін атап өтті. Бүктелмелі экран конструкциясында елеулі өзгеріс күткен пайдаланушылар үшін бұл көңіл қаларлық жайт болуы мүмкін, әсіресе қытайлық брендтер бүктелу ізін айтарлықтай азайтып жатқан кезде.
Ice Universe бұған дейін де iPhone X дисплейіндегі «тілік», iPhone 14 дизайны және Samsung компаниясының 200 мегапиксельді датчиктері туралы нақты ақпаратты алғашқылардың бірі болып ұсынған еді. Оңтүстік Кореялық алпауыттың зерттеу және әзірлеу бөліміндегі дереккөздер оған эксклюзивті ақпараттарды жеткізіп тұратынымен танымал.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!