date

Ресейдегі ең танымал ноутбук брендтері белгілі болды

Ресейдегі ең танымал ноутбук брендтері белгілі болды

«Sitilink» ритейлері пайдаланушылардың ноутбук сатып алудағы таңдауын анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Сауалнамаға сәйкес, сатып алушылар нарықтағы брендтерді жақсы таниды және бір уақытта бірнеше марканы атай алады. Ең танымал брендтер қатарына Asus, Acer, MSI, Huawei және iRU енді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Ноутбук таңдауда сатып алушылар көбінесе шетелдік маркаларға назар аударады: Asus (45%), Acer (29,6%), MSI (25%), Xiaomi (24,9%), Huawei (23,8%) және Honor (17,2%). Ресейлік брендтер арасында Digma/Digma Pro (12,7%) және iRU (6,6%) көш бастап тұр. Пайдаланушылардың басым бөлігі құрылғыларды әмбебап мақсаттар (42%) немесе жұмыс (41%) үшін сатып алады.

Зерттеу нәтижелері бойынша, ноутбуктердің тек 3 пайызы ойындар үшін, 2,8 пайызы оқу үшін және 1,5 пайызы сыйлық ретінде сатып алынады. Таңдаудың негізгі критерийлері ретінде техникалық сипаттамалар мен өнімділік (92,9%), сенімділік (60%-ға дейін) және баға (47,8%) көрсетілген. Бағдарламалық қамтамасыз ету және бренд имиджі респонденттердің 20 пайызынан азы үшін ғана маңызды.

Шешім қабылдау кезеңінде теріс пікірлер мен төмен рейтинг (73%), брендтің беймәлімдігі (51,9%) және жоғары баға (19,6%) негізгі тоқтататын факторлар болып табылады. Сондай-ақ, сервистік қызметтің болуы да сатып алушылар үшін маңызды рөл атқарады. Сауалнамаға Ресейдің әртүрлі аймақтарынан 1200-ден астам адам қатысты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейдегі ең танымал ноутбук брендтері белгілі болды