date

Тарихтағы алғашқы зымыран қаласы: Илон Масктың Starbase жобасына бір жыл толды

Тарихтағы алғашқы зымыран қаласы: Илон Масктың Starbase жобасына бір жыл толды

Техас штатында, Мексика шығанағының жағалауында орналасқан шағын Бока-Чика ауылының ресми түрде Starbase қаласына айналғанына тура бір жыл болды. 30 мамырда қала тұрғындары мен ғарыш айлағының қызметкерлері бұл күнді жанды концерттер мен пикниктермен кеңінен атап өтті. Өткен бір жыл ішінде Starbase танымастай өзгерді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Қазіргі уақытта қала мен ғарыш айлағының инфрақұрылымы тарихтағы ең қуатты ғарыш кемесі — Starship-тің сынақ ұшуларын жүзеге асыру үшін қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, жергілікті билік пен SpaceX жағажайлар мен экожүйені сақтаудың маңыздылығын атап өтуде — табиғатты қорғау басты міндет болып қала береді.

SpaceX компаниясы Starbase қаласын ғарыштық технологиялар орталығы ретінде дамытуды көздеп отыр. Қала мәртебесін алудың басты мақсаты — сумен жабдықтау, электр энергиясы және жолдар сияқты коммуналдық қызметтерді Кэмерон округімен келіспей, дербес басқару мүмкіндігіне ие болу.

Сондай-ақ, бұл мәртебе зымыран ұшыру кезінде жергілікті жолдар мен жағажайларды жабу процесін жеңілдетеді. Бұрын бұл мәселе бойынша ресми органдармен келісу айтарлықтай күрделі болатын. Бұдан бөлек, Starbase өз қызметкерлері үшін тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта алады, бұл жаңа мамандарды тартуда маңызды рөл атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Тарихтағы алғашқы зымыран қаласы: Илон Масктың Starbase жобасына бір жыл толды