date

“This is fine” мемінің авторы KC Green Artisan стартапымен келісімге келді

“This is fine” мемінің авторы KC Green Artisan стартапымен келісімге келді

Танымал “This is fine” мемінің авторы, суретші KC Green өз жұмысын заңсыз пайдаланғаны үшін айыптаған Artisan стартапымен өзара келісімге келгенін мәлімдеді. Дау стартаптың Ava атты жасанды интеллект көмекшісін жарнамалауда Green-нің туындысын пайдалануынан туындаған еді. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Artisan компаниясының автобустар мен метролардағы жарнамаларында Green-нің танымал иті от қоршауында бейнеленген. Алайда ондағы дәстүрлі “This is fine” сөзінің орнына “My pipeline is on fire” деген жазу орналастырылып, адамдарды “Ava есімді ЖИ-менеджерді жұмысқа алуға” шақырған.

Осы айдың басында KC Green әлеуметтік желілерде оның өнері “жасанды интеллект ұрлағандай ұрланғанын” жазып, өз оқырмандарын бұл жарнамаларды көргенде оларға зиян келтіруге (вандализмге) шақырған болатын. Суретші TechCrunch басылымына берген сұхбатында комикстермен жұмыс істеудің орнына американдық сот жүйесімен уақыт өткізуден шаршағанын білдірді.

Artisan өкілдері болса, өз кезегінде Green және оның шығармашылығына үлкен құрметпен қарайтындарын атап өтті. Компанияның негізін қалаушы және бас директоры Jaspar Carmichael-Jack тараптардың келісімге келгенін жариялады. Green-нің растауынша, Artisan Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы барлық жарнамаларды алып тастады, ал суретші өз кезегінде стартапқа қарсы жазған алғашқы постын өшіріп тастады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » “This is fine” мемінің авторы KC Green Artisan стартапымен келісімге келді