date

2026 жылдан бастап шетелдік азаматтарға жеңілдікті салық режимі қолданылады

2026 жылдан бастап шетелдік азаматтарға жеңілдікті салық режимі қолданылады

Өзбекстанда шетелдіктер үшін арнайы салық режимі енгізіледі, деп "Шетел азаматтары үшін арнайы салық режимін енгізу шаралары туралы" Президент жарлығында белгіленді.

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылдың 1 январынан бастап төмендегі талаптарға сай келетін шетел азаматтарының Өзбекстан аумағынан тыс жердегі көздерден алынған табыстары жеке тұлғалардың табыс салығынан босатылады:

- 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде арнайы алым төлеу;

- Өзбекстандағы өкілетті коммерциялық банкте банк шотын ашу немесе арнайы крипто-биржада крипто-әмиян құру.

Сонымен қатар, қатарынан 12 айлық кезең ішінде 30 күнтізбелік күннен астам Өзбекстанда болған және елде меншік немесе жалға алу құқығы негізінде тұрғын үйге ие болған азаматтар салық резиденті деп танылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » 2026 жылдан бастап шетелдік азаматтарға жеңілдікті салық режимі қолданылады