Таяу Шығыстан қайтарылған өзбекстандықтардың саны 19 мыңнан асты

8 март сағат 07:00-дегі жағдай бойынша Таяу Шығыс елдерінен Өзбекстанға қайтарылған азаматтардың саны 19 347-ге жетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйене отырып, жергілікті БАҚ хабарлады.
7 март күні Сауд Арабиясынан 9 рейспен 1680 азамат, Біріккен Араб Әмірліктерінен 2 рейспен 394 азамат елге жеткізілгені хабарланды. Сол күні Ираннан да Өзбекстанның 5 азаматы қайтарылды.
Сондай-ақ, Қатар мен Сауд Арабиясындағы Өзбекстан елшіліктері Көлік министрлігімен бірлесіп, Дохада болған азаматтардың бірінші тобын - 208 отандасты эвакуациялады. Олар Centrum Air рейсімен Эр-Риядтан ұшып, 8 март күні сағат 05:40-та Ташкентке аман-есен жеткен.
Қазіргі уақытта келесі эвакуация кезеңі үшін азаматтардың екінші тобы - 126 отандас қалыптастырылды. Оларды Доха қаласынан Эр-Рияд арқылы Ташкентке чартерлік рейспен жеткізу жоспарлануда. Айта кетейік, отандастарды қайтару жұмыстары жүйелі және кезең-кезеңімен жалғасуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!