date

Академиялық лицей оқушыларына мемлекеттік емтиханда жеңілдік берілді

Академиялық лицей оқушыларына мемлекеттік емтиханда жеңілдік берілді

Әділет министрлігі орта арнаулы білім беру мекемелерінде қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібін белгілейтін ережеге енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді мемлекеттік тіркеуден өткізді.

Енді қорытынды аттестациялық сынақтарда шет тілдері мен жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық немесе халықаралық сертификаты бар оқушылар осы пәндерден мемлекеттік емтихан тапсырмайды және оларға максималды балл беріледі.

Сондай-ақ қорытынды аттестацияны 3 жыл ішінде тапсырмаған оқушыларға мемлекеттік үлгідегі куәлік алу үшін экстернт нысанында емтихан тапсыру құқығы беріледі. Қорытынды аттестаттауда шағымдарды қарау үшін апелляциялық комиссия құрылады және оқушылар емтихан нәтижелері жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде апелляцияға бере алады. Апелляция барысында оқушының жинаған ұпайлары төмендетілмейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Академиялық лицей оқушыларына мемлекеттік емтиханда жеңілдік берілді