date

Нұрафшаннан Ташкентке жүрдек автобус жүйесі енгізіледі

Нұрафшаннан Ташкентке жүрдек автобус жүйесі енгізіледі

Нурафшон қаласынан Ташкент қаласының Бектемір ауданына жылдам автобус қатынауын жолға қою мақсатында "Bus rapid transit" (BRT) жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл туралы халық депутаттары Ташкент облыстық кеңесінің 24 март күні қабылданған қаулысында айтылған.

Қаулыға сәйкес, "Ташкент-Нұрафшан" автожолын қайта жөндеу арқылы заманалық экспресс автобус жүйесін құру көзделген. Бұл жобаның бастамашысы ретінде Автомобиль жолдары комитеті белгіленді.

Мәлім етілгендей, жүрдек автобустар үшін жолдың орта бөлігінде жеке арнайы жолақтар бөлінеді. Сондай-ақ, 9 заманалық, жабық және климаттық бақылауы бар аялдамалар салу жоспарланған, олардың арасындағы қашықтық орташа есеппен 2,9 шақырымды құрайды.

Жобаның жалпы құны 119 миллион 642,7 мың АҚШ долларына бағаланған. Ол халықаралық қаржы институттары мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Сонымен қатар, "Автойўлинвест" агенттігі осы жобада тапсырыс беруші рөлін атқарады. Жоспар бойынша, бұл көлік жүйесі 2028 жылдың соңына дейін толық іске қосылады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Нұрафшаннан Ташкентке жүрдек автобус жүйесі енгізіледі