date

Президент ЖШС туралы жаңа заңға қол қойды

Президент ЖШС туралы жаңа заңға қол қойдыПрезидент ЖШС туралы жаңа заңға қол қойды

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) туралы заңның жаңа редакциясына қол қойды. Әділет министрлігі дайындаған бұл құжат елде корпоративтік басқарудың заманауи стандарттарын енгізуге, ЖШС қызметін реттеудегі құқықтық олқылықтарды жоюға және серіктестік қатысушыларының құқықтарын одан әрі нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Uzdaily.uz хабарлайды.

71 баптан тұратын жаңа заң ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң күшіне енеді. Құжатты әзірлеу барысында жергілікті және шетелдік сарапшылардың, жұртшылықтың ұсыныстары мен халықаралық тәжірибе ескерілген.

Заңда серіктестіктің байқау кеңесінің өкілеттіктері мен оның мүшелерін сайлау тәртібі нақты белгіленді. Бұл корпоративтік даулардың алдын алуға қызмет етеді. Сондай-ақ, байқау кеңесінің жиын өткізбей-ақ, қашықтан шешім қабылдау мүмкіндігі жасалды.

Заңда алғаш рет байқау кеңесі мен атқарушы орган мүшелерінің фидуциарлық міндеттемелері бекітілді, бұл халықаралық корпоративтік басқару практикасына сәйкес келеді. Бұдан бөлек, серіктестіктер қызметінің құқықтық негіздері кеңейтілді, атап айтқанда, тек лицензиялар негізінде ғана емес, сонымен қатар басқа да рұқсат беру және хабардар ету процедуралары аясында жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болды.

Филиалдарды, өкілдіктерді, сондай-ақ еншілес және тәуелді кәсіпорындарды құру мәселелері бөлек реттелді. Заңда жарғылық капиталға өз үлесін қоспаған және серіктестік қызметіне кедергі келтіретін қатысушыларды шығару тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, қатысушылар арасындағы үлестер бойынша сот даулары кезінде жарғылық қорды өзгертуге шектеулер қоюға рұқсат берілді.

Үлестерді Орталық бағалы қағаздар депозитарийі арқылы есепке алу, азшылық қатысушылар комитетін құру, сондай-ақ аудит пен мүдделі тұлғалармен жасалатын мәмілелер бойынша нормаларды жетілдіру мүмкіндіктері көзделген. Жаңа редакциядағы заң қатысушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, үлестерді заңсыз иемденудің алдын алуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және шетелдік инвестицияларды тартуға, сондай-ақ елде ашық әрі тұрақты корпоративтік ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Президент ЖШС туралы жаңа заңға қол қойды