date

Польшада контрабандалық темекі тиелген әуе шарлары құлады

Польшада контрабандалық темекі тиелген әуе шарлары құлады

Польшаның оңтүстік аймақтарында ерекше оқиға орын алды. Елдің Ивкова елді мекеніне жақын жерде үш әуе шары жерге құлап түсті, олардың ішінен көп мөлшерде контрабандалық темекі табылды.

Бұл туралы «Коммерсант» хабарлады.

Жергілікті дереккөздерге сүйене отырып хабарланғандай, оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары аумақты дереу қоршауға алып, барлық заттай айғақтарды тексеру үшін алып кетті. Қазіргі уақытта бұл әуе шарларының қайдан ұшырылғаны, кімдер басқарғаны және контрабанда бағыты анықталуда.

Жауапты тұлғалар соңғы кездері осы әдіс арқылы заңсыз тауарларды тасымалдау жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті. Әсіресе, шекара маңындағы аймақтарда әуе шарларын пайдалану арқылы бақылаудан жалтару әрекеттері көбейгені айтылуда.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Польша үкіметі ауқымды контрабандалық схеманың жолын кескен болатын. Оған сәйкес, 160-тан астам әуе шары арқылы ел аумағына миллиондаған темекі заңсыз жолмен кіргізілген.

Ресми тұлғалардың есебінше, бұл заңсыз әрекет мемлекеттік бюджетке шамамен 1,4 миллион еуро көлемінде шығын келтірген. Аталған қылмыстық топты Беларусь азаматы басқарғаны анықталды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда, оқиғаның артында тұрған тұлғалар мен олардың сыбайластары анықталуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Польшада контрабандалық темекі тиелген әуе шарлары құлады