date

Трамптың ұлдары Қазақстандағы ірі кен орны жобасына инвестиция салды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы ірі кен орны жобасына инвестиция салды

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлдары — Эрик Трамп пен кіші Дональд Трамп Қазақстанда вольфрам өндіруге қатысты ірі инвестициялық жобадан үлес алды. Бұл туралы Financial Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, Трамп ағайындылар 2025 жылғы тамыз айында құрылыс саласында қызмет ететін Skyline Builders компаниясынан үлес сатып алған. Кейіннен жүзеге асырылған бірқатар мәмілелер арқылы олар Kaz Resources компаниясының шамамен 20 пайыз үлесін иеленді.

Бұл компания ірі инвестициялық құрылым — Cove Capital-мен байланысты екені айтылуда.

Осыдан кейін Kaz Resources және Қазақстандағы кен орындары жобаларын басқаратын Cove Kaz Capital компаниялары біріктіріліп, бірыңғай корпоративтік құрылым қалыптастырылды. Жаңадан құрылған компания Kaz Resources брендімен NASDAQ биржасында акцияларды жария орналастыруды (IPO) жоспарлап отыр.

Басылымның атап өтуінше, былтыр АҚШ-тың US Eksport-Import Bank және US International Development Finance Corporation Қазақстандағы вольфрам өндіру жобаларын қолдау үшін 1,6 миллиард АҚШ долларына дейін қаржылай көмек бөлуді мақұлдаған. Жобаның негізгі — 70 пайыздық бақылау пакеті дәл осы Cove Kaz Capital құрамына тиесілі.

Кіші Трамптың айтуынша, ол бұл жобаға пассивті инвестор ретінде қатысуда. Яғни, ол күнделікті операциялық қызметке араласпайды және инвестиция салынған компаниялардың мүддесі үшін АҚШ үкіметтік мекемелерімен тікелей байланыс орнатпайды.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай ірі инвестициялар Орталық Азиядағы стратегиялық шикізат ресурстарына деген жаһандық қызығушылықтың артып келе жатқанын тағы бір мәрте растайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамптың ұлдары Қазақстандағы ірі кен орны жобасына инвестиция салды