date

БАӘ өз азаматтарын үш мемлекетке бармауға шақырды

БАӘ өз азаматтарын үш мемлекетке бармауға шақырды

Біріккен Араб Әмірліктері өз азаматтары үшін кейбір мемлекеттерге сапар шегуге шектеу қойды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Иран, Ливан және Иракқа баруға тыйым салынды.

Бұл шешім аймақтағы геосаяси жағдайдың ушығуымен түсіндірілуде. Министрлік мәлімдемесінде қазіргі уақытта аталған мемлекеттерде жүрген азаматтарға дереу отанына оралу ұсынылған.

Сондай-ақ, халыққа ресми нұсқауларды қатаң сақтау және жаңалықтарды қадағалап отыру қажеттігі ескертілген. Мәлім етілгендей, БАӘ бұған дейін де кейбір шектеулерді енгізген болатын.

Атап айтқанда, Иран азаматтарының ел әуежайлары арқылы кіруіне және транзитіне шектеу қойылған еді.

Айта кетейік, бұл шешімдер АҚШ, Израиль және Иран арасындағы шиеленіс аясында қабылданды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » БАӘ өз азаматтарын үш мемлекетке бармауға шақырды