date

Қытайлықтар енді әлемдегі ең бойы аласа халық емес

Қытайлықтар енді әлемдегі ең бойы ала халық емес

Соңғы жылдары Қытайда жасөспірімдердің бойы айтарлықтай өскені байқалды. Бұл туралы беделді ғылыми журнал — The Lancet жариялаған зерттеуде айтылған.

Ғалымдардың талдауына сәйкес, Қытай соңғы онжылдықтарда 200-ден астам мемлекеттің арасында жасөспірімдердің бой өсуі бойынша ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті. Бұл елдің бұрынғы «бойы ең ала халықтардың бірі» деген түсініктен алыстап бара жатқанын көрсетеді.

Мамандар бұл оң өзгерістерді, ең алдымен, халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуімен байланыстырады. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының жақсаруы, медициналық қызмет сапасының артуы және өмір сүру жағдайларының дамуы олардың физикалық өсуіне күшті әсер еткен.

Зерттеуде атап өтілгендей, салауатты және теңгерімді тамақтану, дәрумендер мен микроэлементтерге бай өнімдерді тұтыну, сондай-ақ жүйелі медициналық бақылау жасөспірімдердің дамуында шешуші рөл атқарған.

Сондай-ақ, урбанизация процесі мен білім беру жүйесіндегі реформалар да жас ұрпақ денсаулығына оң әсер еткен факторлар ретінде аталып өтілуде.

Мамандардың пікірінше, Қытайдағы бұл өзгерістер денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді ғана емес, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын да айқын көрсетіп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қытайлықтар енді әлемдегі ең бойы аласа халық емес