Nubia Z80 Ultra AnTuTu рейтингінде үздік Android смартфон атанды

AnTuTu бенчмаркінің әзірлеушілері пайдаланушылардың өз құрылғыларына қанағаттану деңгейі бойынша мамыр айының рейтингін жариялады. Бірнеше айдан бері Nubia Z80 Ultra моделі осы тізімде көшбасшылығын сақтап келеді — оның қанағаттану көрсеткіші 98 пайыздан жоғары деп бағаланды. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Рейтингтің екінші сатысын 98 пайыздық нәтижемен Oppo K13 Turbo 5G иеленсе, үшінші орынға Xiaomi 17 Ultra by Leica көтерілді. Бұл модель үздік үштіктен Oppo Find X8 Ultra смартфонын ығыстырды. Сондай-ақ тізімнің жоғарғы бөлігінде Huawei Mate 70 Pro Premium Edition (97,50%) және Oppo Find N5 (96,19%) сияқты құрылғылар орналасты.
Үздік ондықты Oppo Find X8 Ultra, Nubia Z70S Ultra Photographer Edition, Oppo Find X8s, Xiaomi 15 Ultra және OnePlus Ace 6 аяқтады. Айта кетерлігі, барлық он модель де 93 пайыздан жоғары баға алуға қол жеткізді.
Брендтер арасында Oppo айқын көшбасшылық етуде — тізімге осы компанияның төрт моделі енді. Nubia және Xiaomi брендтерінің екі-екіден смартфоны рейтингке кірді. Қызығы сол, бұрынғы рейтингтерде үнемі көрініп жүрген Samsung құрылғылары бұл жолғы ондыққа мүлдем ілінбеді.


















Пікірлер 0
…