Ресейде 130 нм чиптерге арналған жеке литограф 2027 жылы пайда болады

РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров келесі жылы елде 130 нм технологиялық процесс негізінде чиптер өндіруге қабілетті алғашқы отандық литограф жасалатынын хабарлады. Бұл туралы ол «Коммерсантъ» басылымына берген сұхбатында айтып өтті. Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.
Мантуровтың сөзінше, Ресей жақын арада шетелдік литографтар мен кремний пластиналарын өңдеу жабдықтарын пайдалана алмайтынын ескере отырып, негізгі назарды микроэлектронды машина жасау саласындағы өз технологияларына аударуға мәжбүр. Бұл стратегиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етудің жалғыз жолы ретінде қарастырылуда.
Атап өтілгендей, өткен жылы Ресейде 350 нм технологиясына негізделген литограф өндірілген болатын. Келесі жылғы жоспар — бұл көрсеткішті 130 нм-ге дейін төмендету. «Бұл ешкімге тәуелді емес, біздің жеке жабдығымыз болады», — деп қосты Денис Мантуров.
Сонымен қатар, Ресейдің жапондық Hitachi брендінің орнын басатын микросхемалар өндіру үшін арнайы микроскоп дайындап жатқаны туралы хабарлар тарады. Сондай-ақ, чип өндірісінде қолданылатын үш батыстық құрылғыны алмастыруға 2 миллиард рубль бөлінді.



















Пікірлер 0
…