Сұрхандарияда төрт аяқты сәби дүниеге келіп, ота жасалды

Сұрхандария облысы Шерабад ауданында дүниеге келген төрт аяқты сәбиге Самарқанд облыстық көпсалалы балалар медициналық орталығында ота жасалды. Бұл туралы «Daryo» басылымына Самарқанд облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, бала екінші бөлігі толық қалыптаспаған сиам егізімен туған. Толық дамымаған эмбрионда дененің тек төменгі бөлігі ғана қалыптасқан.
Сәби 28 сәуірде Шерабадта туып, келесі күні Самарқандқа жеткізілді. Одан қосымша аяқтар мен жыныс мүшесі анықталды, ал артқы шығару тесігі қалыптаспаған.
Алдымен өмірін сақтап қалу мақсатында қажетті хирургиялық ота жасалды. 13 мамырда екінші ота кезінде артық аяқтар алынып тасталды.
Қазіргі уақытта қуық екіге бөлінген. Дәрігерлер болашақта қосымша оталар жасауды жоспарлап отыр.
Мамандар мұндай жағдайда туған сәбилердің аман қалуы қиын екенін айтады, дегенмен оның өмірін сақтап қалу үшін барлық шаралар қабылдануда.
Ананың жүктілік кезінде скрининтен өткені, бірақ ақаудың анықталмағаны белгілі болды. Медицина қызметкерлері тексеру кезінде немқұрайлық танытылғанын мойындады.
Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, ол дәрігерлердің бақылауында.



















Пікірлер 0
…