Microsoft Windows 11 үшін жаңа «Пуск» мәзірін шығарды

Microsoft компаниясы «Windows 11» операциялық жүйесінің «Пуск» мәзірін жаңартуды жоспарлап отыр. «Windows Central» басылымының мәліметтері бойынша, жүйенің бұл бөлігі техникалық тұрғыдан толықтай жаңартылады. Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.
Жаңа нұсқаның сыртқы түрі алдыңғысына ұқсас болғанымен, баптаулар мүмкіндіктері кеңейтіледі. Пайдаланушылар мәзінің кіші немесе үлкен нұсқаларын қолмен таңдай алады, сондай-ақ ұсыныстар лентасы мен барлық қолданбалар тізімі сияқты бөлімдерді қосу немесе өшіру мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі уақытта «Windows 11»-де мәзі көлемін операциялық жүйенің өзі белгілейді, ал жаңартудан кейін бұл таңдау пайдаланушының еркіне қалдырылады. Бұдан бөлек, мәзінің жұмыс істеу жылдамдығы артады және жүйеге жоғары жүктеме түскен жағдайда да ол тезірек жауап беретін болады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!