date

Қытайда «Huawei Pura X Max» алғашқы күнде 97 мың дана сатылды

Қытайда «Huawei Pura X Max» алғашқы күнде 97 мың сатып алушы тапты

Қытайда 20-26 сәуір аралығында жаңа смартфондар сатылымы бойынша алғашқы деректер жарияланды. Digital Chat Station инсайдерінің хабарлауынша, алғашқы күндегі белсендіру саны бойынша «Huawei Pura X Max» моделі көшбасшы атанды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Бұл көрсеткіш коллекциялық нұсқаны қоса есептегенде 97 мыңнан астам құрылғыны құрады.

Екінші орынды 82 мыңнан астам белсендіру нәтижесімен «Redmi K90 Max» иеленді. «Oppo Find X9 Ultra» флагманының спутниктік нұсқасымен бірлескен көрсеткіші 45 мың шамасында болды.

«Oppo Find X9s Pro» моделі болса, шамамен 37 мың рет белсендірілген.

Бүктелетін «Huawei Pura X Max» смартфонының көшбасшыға айналуы пайдаланушылардың қызығушылығы жаңа форм-факторға қарай ауысып жатқанын көрсетеді. Компания тарапынан өзгертілген кең формат көпшіліктің көңілінен шықты.

Бұған дейін аталған бүктелетін смартфон сатылымы компанияның бірінші буын құрылғысына қарағанда 215 пайызға артқаны хабарланған болатын. Пекин-2026 автосалонында «Huawei» басшылығы бұл модель бүктелетін смартфондар арасында нағыз бестселлерге айналғанын және сатылымға шыға салысымен толықтай сатылып кеткенін мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Қытайда «Huawei Pura X Max» алғашқы күнде 97 мың дана сатылды