date

Blue Origin компаниясының New Glenn зымыраны сынақ кезінде жарылып кетті

Blue Origin компаниясының New Glenn зымыраны сынақ кезінде жарылып кетті

Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin компаниясының New Glenn мега-зымыраны Флорида штатындағы Канаверал мүйісінде өткізілген сынақтар кезінде жарылып кетті. NASASpaceFlight.com тікелей эфирінің мәліметінше, оқиға алдағы апталарға жоспарланған төртінші ұшу алдындағы статикалық от сынағы кезінде болған. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.

Әдетте зымыран компаниялары сынақ кезінде қауіпсіздік мақсатында ұшыру алаңдарын босатып қояды, алайда әзірге оқиға салдарынан зардап шеккендер бар-жоғы туралы нақты ақпарат жоқ. Blue Origin, NASA, Федералдық авиация басқармасы (FAA) және АҚШ Ғарыш күштері әзірге жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл жарылыс Blue Origin компаниясын New Glenn бағдарламасын ұзақ мерзімге тоқтатуға мәжбүр етуі мүмкін. Компания Илон Маск басқаратын SpaceX-пен бәсекелесу мақсатында он жыл бойы әзірленген осы зымыранның көмегімен биыл 12-ге дейін ұшуды жүзеге асыруды жоспарлаған еді.

Сондай-ақ, бұл зымыран NASA-ның Айға бағытталған Artemis миссияларында да маңызды рөл атқарады деп күтілген болатын. Жарылыстан көп ұзамай Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Өте өкінішті. Зымыран жасау — қиын жұмыс», — деп пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше апта бұрын New Glenn зымыранының үшінші ұшуы да сәтсіз аяқталған еді. Сол кезде зымыранның жоғарғы сатысы AST SpaceMobile спутнигін орбитаға шығара алмады және миссия толығымен сәтсіз болды. FAA өткен аптада ғана осы ақаудың себептері зерттелгеннен кейін ұшуды жалғастыруға рұқсат берген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Blue Origin компаниясының New Glenn зымыраны сынақ кезінде жарылып кетті