date

Grand Theft Auto V үшін cheat қызметі бұзылды: мыңдаған пайдаланушы деректері тарап кетті

Grand Theft Auto V үшін cheat қызметі бұзылды: мыңдаған пайдаланушы деректері тарап кетті

Танымал Grand Theft Auto V онлайн ойынына арналған cheat қызметтерін ұсынатын Atlas Menu платформасы кибершабуылға ұшырады. Деректердің таралуы туралы хабарлайтын Have I Been Pwned сервисінің мәліметінше, ұрланған ақпараттар арасында пайдаланушылардың электронды пошта мекенжайлары, логиндері, шифрланған құпия сөздері, IP-мекенжайлары және техникалық қолдау қызметіне жолданған өтініштер бар. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Хабарламада айтылғандай, бұл хакерлік шабуылдың нәтижесінде шамамен 64 000 аккаунт деректері қауіп астында қалды. Қызығы сол, Atlas Menu өз сайтында «озық шифрлау әдістері арқылы қауіпсіз аутентификация және жоғары деңгейдегі құпиялылықты» уәде еткен болатын. Қазіргі уақытта сайттың жұмысы тоқтатылды.

Шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған хакер ұрланған деректерді GitHub платформасына жүктеді. Болжам бойынша, хакердің басты мақсаты алаяқтардан кек алу болған. Atlas Menu иелері әзірге бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

Atlas Menu ойыншыларға «көрінбеу», «супер секіру» және карта бойынша ұшу сияқты табиғаттан тыс мүмкіндіктерді ұсынып келген. Бұл оқиға ойындарда адал емес әдістерді қолданғысы келетін пайдаланушылардың жеке деректерінің қаншалықты осал екенін көрсетті.

Бүгінгі таңда ойын cheat-тері көп миллион долларлық бизнеске айналды, өйткені көптеген геймерлер қарсыластарынан басымдыққа ие болу үшін ақша төлеуге дайын. Atlas Menu кибершабуылға ұшыраған алғашқы сервис емес; бұған дейін Counter-Strike: Global Offensive-ке арналған танымал cheat қызметтерінің бірі де бұзылғаны туралы ақпараттар тараған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Grand Theft Auto V үшін cheat қызметі бұзылды: мыңдаған пайдаланушы деректері тарап кетті