Xiaomi смартфондары AirDrop арқылы файл алмасу мүмкіндігіне ие болды

Xiaomi компаниясы Samsung-тан кейін өз смартфондарына iPhone-мен Quick Share және AirDrop арқылы файл алмасу функциясын енгізді. Бұл жаңалық туралы компания X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. Бұл туралы Ixbt.com жазады.
Енді HyperOS 3 басқаруымен жұмыс істейтін Xiaomi смартфондарының пайдаланушылары Android жүйесінің стандартты жылдам жіберу құралы арқылы Apple құрылғыларына деректерді жібере алады. Бұл платформааралық кедергілерді жоюдағы маңызды қадам.
Әзірге бұл функция тек Xiaomi 17T Pro моделінде жарияланғанымен, компания алдағы апталарда брендтің басқа модельдері, ең алдымен флагмандар бұл мүмкіндікке ие болатынын атап өтті. Xiaomi-дің жаңа шығарылатын құрылғылары AirDrop қолдау функциясымен бірден сатылымға шығады.
Бұған дейін ұқсас функция Google Pixel аппараттарында, Samsung Galaxy флагмандары (мысалы, Galaxy S26 желісі), сондай-ақ Oppo Find X9 Ultra және Vivo X300 Ultra модельдерінде пайда болған еді. Бұл технология әртүрлі экожүйелер арасындағы файл алмасу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!