date

Ресейдегі VPN шектеулері бағдарламашылардың жұмысына кедергі келтіруде

Ресейдегі VPN шектеулері бағдарламашылардың жұмысына кедергі келтіруде

Ресейде VPN-трафиктің шектелуі ашық кодты бағдарламалық жасақтамамен және халықаралық платформалармен жұмыс істейтін IT-компаниялар үшін елеулі қиындықтар тудыра бастады. Сала өкілдерінің айтуынша, мәселелер жекелеген сервистерге ғана емес, бүкіл әзірлеу инфрақұрылымына әсер етуде. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Қазіргі уақытта бағдарламашылар күнделікті қызметінде пайдаланатын код репозиторийлерінде, ашық кітапханаларда, бұлтты орталарда және нұсқаларды басқару жүйелерінде үзілістер байқалуда. Шектеулерге байланысты байланыстың үзілуі, деректерді жүктеу жылдамдығының төмендеуі және кодты синхрондау кезіндегі қателіктер көбейді.

Нәтижесінде, бұрын бірнеше минутта автоматты түрде орындалған процестер қазір сағаттап уақытты талап етеді және мамандардың қолмен араласуын қажет етеді. Әсіресе, өнімдері 50–90 пайызға дейін open source шешімдеріне негізделген компаниялар бұл жағдайдан көбірек зардап шегуде.

Сарапшылар ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері туралы да ескертуде. Көптеген ұйымдарда VPN тек сыртқы сервистерге кіру үшін ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің корпоративтік инфрақұрылымға қауіпсіз қосылуы үшін де қолданылады. Мұндай арналардағы ақаулар қашықтан жұмыс істеу тәртібін қиындатып, IT-қызметтеріне түсетін жүктемені арттыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейдегі VPN шектеулері бағдарламашылардың жұмысына кедергі келтіруде