date

Amazon Prime Day 2026 акциясы 23-26-маусым күндері өтеді

Amazon Prime Day 2026 акциясы 23-26-маусым күндері өтеді

Amazon компаниясы сейсенбі күні өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Prime Day сауда іс-шарасы биыл 23-26-маусым күндері өтетінін жариялады. Биылғы жеңілдіктер маусымы әдеттегіден сәл ертерек басталып отыр, өйткені Prime Day іс-шаралары әдетте шілде айында ұйымдастырылатын. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Компанияның ресми блогында жазылғандай, Prime мүшелері жетекші брендтердің өнімдерін, трендтегі тауарларды және Amazon эксклюзивті тауарларын қолжетімді бағамен сатып ала алады. Сондай-ақ, жаңа азық-түлік өнімдері, жазғы жабдықтар және оқу маусымына қажетті заттар жедел әрі тегін жеткізу қызметімен ұсынылады.

Бұрын Prime Day негізінен қымбат және сәнді тауарларды сатып алумен байланысты болса, соңғы жылдары сатып алушылар күнделікті қажеттілік тауарларына көбірек назар аударуда. Amazon өкілдерінің CNBC телеарнасына берген мәліметі бойынша, биылғы акцияда азық-түлік пен үй шаруашылығына арналған заттар басты орын алады.

Мұндай стратегия қазіргі экономикалық жағдайда қисынды көрінеді. Мичиган университетінің деректері бойынша, АҚШ-та тұтынушылардың көңіл-күйі күрделі экономикалық жағдайға байланысты мамыр айында рекордтық деңгейде төмендеген. Соған қарамастан, өткен жылғы Prime Day кезінде АҚШ ритейлерлері 24,1 миллиард долларлық онлайн сауда көлемін тіркеген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Amazon Prime Day 2026 акциясы 23-26-маусым күндері өтеді