NASA ғарышкерлері ағып кету салдарынан SpaceX Dragon кемесіне жасырынды

NASA Халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) бес ғарышкерге уақытша SpaceX Crew Dragon кемесін пана ретінде пайдалануды бұйырды. Бұл шара Ресейдің қызмет көрсету модулінде анықталған жаңа ауа ағып кету оқиғаларын жою және жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Бұл туралы Techcrunch.com хабар лайды.
NASA баспасөз хатшысы Бетани Стивенс X платформасында мәлімдегендей, Роскосмос өз модулінде жаңа жарықтарды анықтап, ауқымды жөндеу операциясын бастаған. Сақтық шарасы ретінде SpaceX Crew-12 миссиясының төрт мүшесі және ғарышкер Крис Уильямс жөндеу аяқталғанша Dragon кемесінің ішінде жоғары дайындық күйінде болды.
Алайда, шамамен бір сағаттан кейін Роскосмос қосымша өлшеулер мен деректерді талдау үшін жөндеу жұмыстарын уақытша тоқтатты. Одан кейін NASA экипаж мүшелеріне қауіпсіз пана болу тәртібін аяқтап, станциядағы жоспарланған жұмыстарына оралу туралы нұсқау берді.
Ресей қызмет көрсету модуліндегі ауа ағып кетуіне байланысты мәселелер ұзақ уақыттан бері жалғасып келеді. NASA өкілінің сөзінше, бұл жарықтар агенттікті тұрақты түрде алаңдатып келеді және олар мұқият бақылауда. Қазіргі уақытта ХҒС бортында NASA, Роскосмос және Еуропа ғарыш агенттігінің өкілдерін қоса алғанда, барлығы 10 адам қызмет етуде.
Бұл оқиға Халықаралық ғарыш станциясының болашағы күмән тудырып тұрған кезде орын алды. NASA-ның жаңа басшысы Джаред Айзекманның басшылығымен агенттік онжылдықтың соңына қарай ескірген станцияны коммерциялық компаниялар шығарған модульдерге алмастыруды жоспарлап отыр.

















Пікірлер 0
…