date

SpaceX Starship жаңа буыны кезекті сынаққа дайындалуда

SpaceX Starship жаңа буыны кезекті сынаққа дайындалуда

Starbase ғарыш айлағында Starship жүйесінің кезекті сынақтары алдында қарқынды жұмыстар жалғасуда. Кеше өткізілуі жоспарланған WDR (wet dress rehearsal) сынағы техникалық ақауларға байланысты тоқтатылған болатын. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Бақылаушылардың хабарлауынша, Pad 2 алаңындағы Mechazilla мұнарасынан желдету модулі бөлшектелді. Дәл осы бөлік сынақ барысында туындаған мәселелердің негізгі себепкері болуы мүмкін деп болжануда.

Инженерлер қысқа уақыт ішінде ескі модульді жаңасына ауыстырып үлгерді. SpaceX мамандары Starship V3 жүйесінің алғашқы ұшуын жүзеге асыру үшін барлық техникалық баптауларды аяқтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Starship V3 жүйесі Ship 39 және Booster 19 модульдерінен тұрады, компания бұл жаңа буын жүйесін толық құрастырып біткен. Сондай-ақ, Super Heavy зымыранының 33 қозғалтқышы сәтті сынақтан өткен болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » SpaceX Starship жаңа буыны кезекті сынаққа дайындалуда