date

Anker қалыңдығы 8,6 мм жаңа магнитті қуат банкін таныстырды

Anker қалыңдығы 8,6 мм жаңа магнитті қуат банкін таныстырды

Anker компаниясы Қытай нарығында өзінің жаңа Air сериясына жататын ультра жұқа магнитті қуат банкін (power bank) таныстырды. Сыйымдылығы 5000 мА/сағ құрылғы небәрі 8,6 мм қалыңдықтағы корпусымен ерекшеленеді және шамамен 48 доллар бағасымен сатылымға шықты. Бұл туралы хабарлайды Ixbt.com.

Жаңа модель сымсыз қуаттау режимінде 15 Вт, ал USB-C порты арқылы 20 Вт қуат береді. Бұл мүмкіндік пайдаланушыларға бір уақытта екі құрылғыны қуаттауға мүмкіндік береді. Anker деректері бойынша, iPhone 17 Pro смартфонын сымсыз режимде 30 минут ішінде 33 пайызға дейін қуаттауға болады.

Құрылғыда арнайы дисплейдің орнына қуат деңгейі мен жұмыс күйін көрсететін LED индикаторлар орнатылған. Сондай-ақ, 12,8 Н күші бар магнитті қосылым смартфонның берік орналасуын қамтамасыз етеді және тіпті қап (чехол) арқылы да тұрақты қуат беруге кепілдік береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Anker қалыңдығы 8,6 мм жаңа магнитті қуат банкін таныстырды