date

OpenAI Apple компаниясын сотқа бермекші

OpenAI Apple компаниясын сотқа бермекші

Bloomberg хабарлауынша, OpenAI компаниясы Apple-мен ынтымақтастыққа көңілі толмай, сотқа жүгіну мүмкіндігін қарастыруда. ChatGPT интеграциясы күтілген абоненттер санын және табысты әкелмегені OpenAI басшылығын қатты алаңдатуда. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

2024 жылдың маусымында жарияланған ынтымақтастық аясында ChatGPT iPhone жүйелеріне, атап айтқанда Siri және Visual Intelligence функцияларына енгізілген болатын. Алайда OpenAI бұл функциялар пайдаланушылар үшін ыңғайсыз орналастырылғанына және табыс көрсеткіштері болжамнан әлдеқайда төмен екеніне шағымдануда.

Apple өз кезегінде OpenAI-дың құпиялылық стандарттарына және компанияның аппараттық қамтамасыз ету нарығына кіру әрекеттеріне наразы. Apple-дің бұрынғы дизайн басшысы Джони Айв бастаған бұл қадамдар екі компания арасындағы қарым-қатынасты одан сайын суытып жіберді.

Бұл жағдай Apple-дің серіктестермен жұмыс істеудегі күрделі тарихын тағы бір мәрте еске салды. Бұған дейін Google, Adobe және Spotify сияқты алпауыттар да Apple-дің платформаға толық бақылау орнату саясатының кесірінен түрлі қиындықтарға тап болған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » OpenAI Apple компаниясын сотқа бермекші