date

Ғарыш зертханаға айналды: көміртегі тұрақтылары жаңа дәлдікпен өлшенді

Ғарыш зертханаға айналды: көміртегі тұрақтылары жаңа дәлдікпен өлшенді

Іргелі ғылым әлемінде физиктер атом қасиеттерін жердегі зертханаларда өлшесе, астрономдар бұл деректерді ғаламның құрылымын зерттеу үшін пайдаланып келді. Алайда, кейбір жағдайларда жердегі құралдар табиғаттың күрделі процестері алдында дәрменсіз болады. Халықаралық зерттеушілер тобы ғарыштың өзін алып өлшеу құралына айналдырып, көміртегінің іргелі тұрақтыларын жердегі зертханалар жете алмайтын дәлдікпен калибрлеуге қол жеткізді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Зерттеудің орталығында иондалған көміртегі тұр. Ол жұлдыздардың тууы мен галактикалардың қозғалысын зерттеудегі негізгі құрал болып табылады. Алайда, көміртегінің негізгі изотопы жұлдыз түзілетін аймақтарда «оптикалық тұман» эффектісін тудырады, бұл телескоптар үшін бақылауды қиындатады. Ғалымдар бұл кедергіні еңсеру үшін сирек кездесетін көміртегі изотопын пайдалануды ұйғарды, бірақ оның спектрлік сызықтарын нақты білу талап етілді.

Жер жағдайында көміртегі ионын өлшеу өте күрделі болғандықтан, ғалымдар SOFIA стратосфералық обсерваториясын пайдаланды. Boeing 747 бортына орнатылған бұл телескоп 13 шақырым биіктікте, атмосфера әсерінен тыс жұмыс істейді. Неміс ғалымдары әзірлеген upGREAT қабылдағышының көмегімен Орион шоқжұлдызындағы аймақтар бақыланып, көміртегі изотопының үш спектрлік сызығы алғаш рет нақты тіркелді.

Ғарыштағы жұлдызаралық орта жердегі вакуумдық камераларда жасау мүмкін емес тамаша жағдайды ұсынды. Математикалық сүзу және Доплер ығысуларын талдау арқылы ғалымдар атомның магнитті-дипольдік тұрақтыларының жаңа мәндерін анықтады. Алынған нәтижелер соңғы 40 жыл ішінде жүргізілген барлық теориялық есептеулер мен зертханалық модельдеулерден әлдеқайда дәлірек болып шықты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ғарыш зертханаға айналды: көміртегі тұрақтылары жаңа дәлдікпен өлшенді