date

Boeing 737 MAX 8 жанармай құймастан рекордтық қашықтықты бағындырды

Boeing 737 MAX 8 жанармай құймастан рекордтық қашықтықты бағындырды

Air Europa әуекомпаниясына тиесілі Boeing 737 MAX 8 лайнері өз әулеті үшін жаңа ұшу қашықтығы рекордын орнатты. Сиэтлдегі Boeing зауытынан Мадридке ұшқан ұшақ 10 сағат 7 минут ішінде 9054 шақырым қашықтықты бағындырды. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды. мәлімдейді.

Шын мәнінде, бұл рейс жолаушыларсыз және жүксіз орындалған техникалық ұшу болды. Жоспар бойынша ұшақ жанармай құю үшін Глазгода тоқтауы керек еді, өйткені 737 MAX 8 моделінің әдеттегі ұшу қашықтығы шамамен 6500-7590 шақырымды құрайды.

Алайда Атлант мұхиты үстіндегі қуатты ауа ағындарына тап болған лайнердің жылдамдығы айтарлықтай артты. Ұшақтың жерге қатысты жылдамдығы сағатына 1000 шақырымға жетті, бұл жанармайды үнемдеуге және аралық қонусыз тікелей Мадридке жетуге мүмкіндік берді.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар Атлант мұхиты үстіндегі қатты желдердің әсерінен болуы мүмкін, бірақ бұл орта қашықтықтағы ұшақтар үшін әдеттегі емес, сирек әрі сәтті ерекшелік болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Boeing 737 MAX 8 жанармай құймастан рекордтық қашықтықты бағындырды