date

SpaceX АҚШ-тағы интернет субсидияларын жоюды талап етуде

SpaceX АҚШ-тағы интернет субсидияларын жоюды талап етуде

Илон Маск негізін қалаған SpaceX компаниясы АҚШ Федералдық байланыс комиссиясына (FCC) жүгініп, ауылдық жерлерде интернет пен дауыстық байланысты субсидиялауға бөлінетін 4,5 миллиард долларлық қорды жабуды ұсынды. Компанияның пікірінше, Starlink спутниктік жүйесі шалғай аймақтардағы жоғары жылдамдықты интернет мәселесін бәсекеге қабілетті бағамен шешіп қойған. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

SpaceX өкілдері ескі мемлекеттік бағдарламалардың бүгінгі технологиялық шындыққа сәйкес келмейтінін және артық шығын әкелетінін алға тартады. FCC алдағы апталарда жылдық бюджеттің 1,6 миллиард долларын құрайтын осы бағдарламаның ережелерін жаңарту немесе субсидияларды толығымен жою мәселесін дауысқа салуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта 249 жергілікті оператор шамамен 1 миллиард доллар субсидия алады, алайда олардан талап етілетін интернет жылдамдығы Starlink мүмкіндіктерінен әлдеқайда төмен. Сол себепті, FCC субсидияларды қайта қарау қажеттілігін мойындап отыр.

Сонымен қатар, Starlink авиация саласында да белсенді кеңеюде. Жақында Emirates әуекомпаниясы өз ұшақтарында Starlink технологиясын енгізетінін жариялады. Илон Масктың айтуынша, жоғары жылдамдық пен төмен кідіріс (latency) арқасында көптеген ірі әуекомпаниялар дәл Starlink жүйесін таңдауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » SpaceX АҚШ-тағы интернет субсидияларын жоюды талап етуде