date

Нью-Йорктағы ірі медициналық жүйеден 1,8 миллион адамның деректері ұрланды

Нью-Йорктағы ірі медициналық жүйеден 1,8 миллион адамның деректері ұрланды

АҚШ-тағы ең ірі мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі NYC Health and Hospitals (NYCHHC) кибершабуыл салдарынан кемінде 1,8 миллион пациенттің жеке және медициналық деректері, сондай-ақ саусақ іздері ұрланғанын хабарлады. Хакерлер жүйеге үшінші тарап провайдері арқылы кіріп, 2025 жылдың қарашасы мен 2026 жылдың ақпаны аралығындағы деректерді көшіріп алған. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды. деп жазады.

Ұрланған деректер қатарында пациенттердің медициналық сақтандыру полистері, диагноздары, қабылдаған дәрілері, төлем ақпараттары, әлеуметтік сақтандыру нөмірлері, төлқұжат және жүргізуші куәліктері бар. Сондай-ақ, құжаттар жүктелген кезде тіркелген нақты геолокация деректері де хакерлердің қолына түсуі мүмкін.

Жағдайдың ең алаңдатарлық тұсы — хакерлер пациенттер мен қызметкерлердің биометриялық деректерін, атап айтқанда, саусақ және алақан іздерін қолды қылған. Биометриялық деректер өзгермейтін болғандықтан, олардың жария болуы зардап шеккендер үшін ұзақ мерзімді қауіпсіздік тәуекелдерін тудырады.

NYCHHC өкілдері кибершабуыл анықталғаннан кейін желі қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Әзірге ұйым хакерлердің талаптары немесе шабуылдың кеш анықталу себептері бойынша түсініктеме берген жоқ. Сарапшылар бұл оқиғаны биылғы ең ірі медициналық деректердің таралуы оқиғаларының бірі деп бағалауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Нью-Йорктағы ірі медициналық жүйеден 1,8 миллион адамның деректері ұрланды